Қазақстан халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді

0
22
Арал теңізі. Photo: Sputnik.kz

2024 жылдан бастап халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Алдағы үш жыл бойы еліміз аталған ұйымды басқаратын болады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ президенті болып сайланды.

Құрамына Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Халықаралық Аралды құтқару қоры Арал теңізін құтқаруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды іске асырумен айналысады.

«Арал теңізін құтқару – бұл ХАҚҚ-ға қатысушы барлық елдердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана орындалатын міндет. Алдағы үш жылда біз осы бағытта маңызды нәтижелерге қол жеткізуге ниеттіміз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз