Полицейлер ұялы телефонды бейтаныс адамға бермеуге шақырды

0
18

Ақтөбе полицейлері азаматтарды, телефонын бейтаныс адамға бермеуге шақырады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицейлердің айтуынша, алаяқтар азаматтардың телефондарын аз ғана уақытқа сұрап алып, сол кезең ішінде өздерінің қылмыстық пиғылдарын жүзеге асырып үлгереді. 

Бірінші жағдайда, қылмыскерлер әртүрлі сылтаумен жәбірленушінің телефонын сұрап алып, телефонға орнатылған банк қосымшалары арқылы оның атына несиелер рәсімдейді немесе шотындағы ақшаларын заңсыз иеленеді. Өкінішке қарай, мұндай қылмыстарға көбіне жәбірленушілердің таныстары, жақын адамдары барады. 

Мысалы, 1 қаңтарда Ақтөбе қаласындағы мекемелердің бірінің жұмысшысы өзінің әріптесінің ұялы телефонып алып, ондағы банк қосымшасы арқылы өзінің шотына 300 мыңнан асатын қаржы аударып алған. 

Тергеп-тексеру барысында күдікті жігіт өз кінәсін мойындап, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты. 

Екінші жағдайда, алаяқтар “қоңырау шаламын” деген сылтаумен белгісіз адамдардың телефонын иеленеді. 

Мысалы, 3 қаңтарда Ақтөбе қаласындағы кафелердің бірінде белгісіз ер адам осында келушілердің бірінің телефонын қоңырау шалуға қажет екенін айтып сұрап алған. Нәтижесінде ақтөбеліктің құны 70 мыңнан асатын телефонын иеленіп, белгісіз бағытқа қашып кеткен. 

Полиция қызметкерлері күдікті азаматты ұстады. Ол кінәсін мойындап, телефонды белгісіз тұлғаға 11 мың теңгеге сатып жібергенін айтты. 

Екі дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз