Қазақстан – Қытай шекарасы уақытша жабылады

0
199

Қазақстан және Қытай үкіметі арасындағы шекара арқылы өткізу пункттері 1, 7 және 9 мамырда мерекеге байланысты жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Қазақстан – Қытай шекарасында 2 темір жол (“Достық” және “Алтынкөл”) және 3 автокөлік (“Нұр Жолы”, “Достық”, “Бақты”) өткізу пункттері жұмыс істейді, жалғасып жатқан карантин шектеулеріне байланысты бұл пункттер арқылы тек жүк және тауар өткізіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Айта кетейік, мамыр айында қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және жеңіс күнін тойлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз