Қазақстанда Алатау атты жаңа қала пайда болды. 9 қаңтарда Ақорда баспасөз қызметі Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы президент жарлығын жариялады.

Жаңа қаланың пайда болуына байланысты Қазақстан президентінің қаулысы мынадай:

1.Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2.Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.

3.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Алматыдан солтүстікке қарай 47 шақырым жерде орналасқан Жетіген ауылы жуырда облыстық маңызы бар қалаға айналатыны жайында ақпарат тараған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз