Қазгидромет тамызда құрғақшылық болатын өңірлерді болжады

0
189
фото: Pixabay

Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет тамыз айының құрғақшылық болжамын нақтылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Алдын ала есептеулер бойынша, 2022 жылдың тамызында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады.

Жауын – шашын тапшылығы болатын өңірлер:

  • Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
  • Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы
  • Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
  • Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
  • Қарағанды облысы Нұра ауданы
  • Қостанай облысы Амангелді ауданы
  • Қостанай облысы Жангелді ауданы

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтілуде. Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болмақ.

фото: Қазгидромет баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз