Ұлттық банк телефон-алаяқтарының жаңа әрекеті туралы ескерту жариялады

0
216
photo: regnum.ru

Ұлттық банк қазақстандықтарға алаяқтардың арбауына түспес үшін ескерту жариялады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Қазақстан Ұлттық банкі өздерін полиция немесе Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон-алаяқтарының «заңсыз әрекеті үшін банк менеджерін ұстауға арнайы операция» жүргіземіз деген желеумен азаматтарды несие рәсімдеуге немесе микроқарыз алуға үгіттеп, ақшаны үшінші тұлғаның шотына аударуға көндіретін әрекеті пайда болғанын ескертеді”, – делінген хабарламада.

Қосымша кеңес:

?банк картасы туралы ақпаратты, интернет-банкингке логиндер мен парольді, алынатын sms-кодтарды, өзінің дербес деректерін беруге болмайды;

?белгісіз немесе күмәнді сайттарда мобильді телефон нөмірін көрсетуге және банк картасымен төлем жасауға болмайды;

?әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Ұлттық Банк атынан» жалған жарнамалық хабарларды елемеген жөн;

?сізге немесе жақындарыңызға ақша аудару туралы ұсыныстарды алған жағдайда, аударымның мақсатын ресми дереккөзден анықтап, сізге сондай төлемнің тиесілі екенін қайта тексеру қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз