Екібастұздың зейнеткер тұрғыны пәтерінде көз жұмды

0
141
Жедел жәрдем көлігі.

4 желтоқсанда Екібастұздың зейнеткер тұрғыны пәтерінде қайтыс болды. Зейнеткер көз жұмғанда жанында әйелі болған. Полиция үсу немесе зорлық-зомбылық белгілері байқалмағанын хабарлады. 

Pavlodarnews.kz сайтының ақпаратына қарағанда, жергілікті билік whatsApp әлеуметтік желісі арқылы тараған, “ер адам пәтерінде үсіп өлген” деген ақпаратты теріске шығарған. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі зейнеткер қайтыс болғанын, бірақ оған суық себеп болмағанын нақтылаған. Полиция мәліметінше, зейнеткер тірі кезінде қан қысымы жоғарылығынан қиналып жүрген.

Жедел жәрдем сөзіне қарағанда, 17 сағат 32 минутта “пәтердің бірінде ер адам есінен танып қалды” деген хабар түскен.

“Жедел жәрдем 8 минутта жетті. Дәрігерлер барғанда 70 жастағы ер адам қайтыс болып кеткен. Үсіген белгі жоқ”, – дейді Жедел жәрдемнің баспасөз қызметі.

Жексенбі күні кешкі ресми ақпаратқа қарағанда, Екібастұзда 11 үйге жылу берілмеген. “Үйлердің жерқабатына жылу жетті. Айналым бар. Енді әрбір пәтерге жылу жеткізуіміз керек”, – деді брифингте Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук. Оның сөзінше, кей үйлердің жылу жүйесіндегі су дұрыс ағызылмай, қатып қалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз