Көмірдің бағасы едәуір арзандады

0
127

ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек көмір бағасының арзандағанын мәлімдеді. Бұл туралы министр Үкіметтің кезекті отырысында айтты.

Республикадағы көмір бағасына қатысты жүргізілген меморондумдар нәтижесінде қыс ауасы аяқталғанға дейін Шұбаркөлдің көмірі 15-20 процентке, Қаражыраның қара отыны 6 процентке арзандаған. Алматы облысында Шұбаркөлдің көмірі 3 100 теңгеге немесе 21 процентке төмендеген. Тұрғындар үшін Қаражыра көмірі 1 000 теңгеге немесе 5-6 процентке арзандады. Қостанай облысында Шұбаркөлдің көмірі 2 950 теңгеге, ал Қаражыраның көмірі 800 теңгеге төмендеді.
Сонымен қоса Астанада Шұбаркөлдік көмірдің бағасы 3 000 теңгеге арзандаған. Сондай-ақ, Қаражыра көмірі 800 теңгеге төмендеген.

Министр халықты қара отынмен қамтамасыздандыруға айрықша үлес қосып отырған Шұбаркөл мен Қаражыраның шикізатын ерекше атап өтті. Шұбаркөл көмірі Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық өңірлерге жеткізілсе, Қаражыраның көмірі Қарағанды облысынан басқасынан барлығына сатылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз