Қостанайдағы өрт: 55 үйдің іргетасы құйылды

0
118
фото: primeminister.kz

Қостанайда болған өрттің салдарынан жапа шеккендерге арнайы бөлінген 12 га аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсысының ауданы – 100 шаршы метр. Бүгінгі таңда барлық үйлерге арнап қазаншұңқырлар қазылған, 55 учаскеде іргетас құйылып, екеуінде іргетас блоктарын орнату аяқталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды

16 қыркүйекте премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Әлихан Смайылов бірінші кезекте Әулиекөл ауылына барып, алапат орман өрті салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысқан.

Арнайы салынып жатқан үйлердің маңайындағы жер учаскелеріне (10 сотықтан) барлық қажетті инфрақұрылым – газ, су, электр энергиясы жүргізіледі. Үйлерге апарар жолдарға асфальт салынады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, ҚазҚСҒЗИ жобалау институты тұрғынжайларды су басудың алдын алу мақсатында геологиялық ізденістер негізінде іргетастарды жерасты суларынан 2,5 м қашықтықта орнату бойынша жоба әзірлеген.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша алаңда орнатылған бейнекамералардың арқасында құрылыс барысы онлайн режимде бақыланып отыр. Барлық қажетті жұмыстарды жүргізу үшін Үкімет 2,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлген.

“Қазір әкімдік пен мердігерлердің алдында құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде – 2 айда сапалы аяқтау міндеті тұр. Бұл мәселе мемлекет басшысы мен үкіметтің ерекше бақылауында. Сондықтан тапсырмаға аса  жауапкершілікпен қарау керек”, — дейді Әлихан Смайылов.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қостанай облысына барды

фото: primeminister.kz
фото: primeminister.kz
фото: primeminister.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз