Түркістанда жол ережесін 70-тен көп бұзған такси жүргізушісі анықталды

0
182

Түркістандық полицейлер, облыстық трассалардың бірінде жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған “Армян нөмірлі” “Хонда” автокөлігін анықтады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Тексеру барысында жеке тасымалдаумен айналысатын 40 жастағы жүргізуші, Түркістан, Қызылорда облысы мен Шымкент қаласының жолында 73 рет жол қозғалысы ережесін бұзған.

Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1,2 миллион теңгеден асқандықтан, полицейлер құқық бұзушының көлігін айыптұраққа жеткізген.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау мен салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектерін уақтылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз