Тәжікстанға ұшатын жолаушылар рейсінің саны көбейеді

0
183

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 2-ден 6 рейске дейін артады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Тәжікстанның авиациялық билік органдарымен келіссөз нәтижесінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны артуда.

«Somon Air» тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін көбейтеді.

Сондай-ақ, қазақстандық “Эйр Астана” әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз