Қаңтар оқиғасы: 627 адам қамауда отыр

0
231
Photo: Vladimir Tretyakov

19 сәуірде Бас прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты бүгінгі таңда тергеу органдарында 4 849 қылмыстық іс бар екенін және сот санкциясымен 627 күдікті адам қамауда отырғанын хабарлады.

Бұдан бөлек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ұрланған атыс қаруын анықтау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде деструктивті діни ағымының жақтаушысы «С» есімді азамат ұсталған. Одан «Оружейник» аңшылық дүкенінен ұрланған 12-ші калибрлі винчестер мен «Қорған» дүкенінен ұрланған 2 мылтық табылған. Таразда «Д» есімді азамат ұсталып, одан Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған 4 «Макаров» тапаншасы мен оның оқтары (131) тәркіленген.

Жалпы, ел бойынша құқық қорғау органдары «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған 750-ден астам мылтық және тегіс ұңғылы қаруды тапқан. Ең көп саны Жамбыл облысында 281 бірлік, Алматы қаласында 249 және Алматы облысында 201 қару тәркіленген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз