Қаңтар оқиғасына байланысты фейк ақпараттар тарату бойынша 11 іс тергеуде

0
256
photo: ortcom.kz

Қаңтар оқиғасына байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін 11 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі болып жатыр. Бұдан бөлек 1 қылмыстық іс сотқа жолданған. Бұл туралы 19 сәуірде орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.

“Әлеуметтік желілерде «фейктер» деп аталатын, соның ішінде күдіктілерге тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануы туралы ақпарат таратылуда. Әрбір факт жан-жақты тексерілуде. 
Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламын. Қазіргі уақытта осындай хабарламалар бойынша 11 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Бір қылмыстық іс сотқа жолданды», – деп атап өтті полковник. 

Елдос Қилымжанов, фото: inbusiness.kz

 

Бұдан бөлек Елдос Қилымжанов заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескертті. Алайда олар ешбір қылмыстық әрекетке қатысы болмауы тиіс. Егер адамды құқық қорғау органдары қарумен ұстап алса, бұл ерікті түрде тапсыру деп танылмайтынын да атап өтті. 

“Қаңтар оқиғаларының жаңа мәліметтері мен мән-жайлары анықталғанына қарай олар уақтылы жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады. Ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған мәліметтер таратпау керек”- делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз