Теңіз мұнай кенішінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты

0
269
Теңіз мұнай кеніші. Photo: Inbusiness.kz

6 шілде күні Қазақстандағы ең ірі мұнай кеніштерінің бірі Теңізде жарылыс болып, екі жұмысшы қаза болды, үш адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Атырау облысы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

“6 шілдеде сағат 9.55 шамасында Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде құбыр жарылып, соның салдарынан 1985 жылғы екі жұмысшы қаза болды. Түрлі дәрежедегі жарақат алған үш жұмысшыға медициналық көмек көрсетіліп жатыр” делінген полиция таратқан ақпаратта.

“Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Теңіз кеніші Құлсарыдан – 120 шақырым, Атыраудан 340 шақырым жерде орналасқан. Оны игеретін “Теңізшевройл” Қазақстанда 1993 жылдан бері істейді. “Теңізшевройл” мұнай өңдеу концерніне Chevron (50 % акция), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), қазақстандық “ҚазМұнайГаз” (20%) және LUKArco (5%) компаниясы кіреді.

Қазақстанда өндірілетін мұнайдың үштен бірі Теңізден шығады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз