Тоқаев Көкшетаудағы “Eurasia Group Kazakhstan” ЖШС-нің сервис орталығын аралады

0
152
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа “Eurasia Group Kazakhstan” ЖШС бас директоры Сергей Глокке жаңа ғимаратты аралатып жүр. Photo: akorda.kz

27 шілде күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына сапары барысында Көкшетауда жақында ғана ашылған John Deer маркалы ауыл шаруашылығы техникаларының барлық түріне қызмет көрсететін ТМД-дағы ең ірі сервис орталығын аралады.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда ТМД-дағы ең үлкен ауыл шаруашылығы орталығы ашылды

Ақорда сайтының мәліметінше, президент оқу бөлмелері мен агрегаттық шеберханасы бар ауыл шаруашылығы техникаларын күрделі жөндеуден өткізетін орталықты, цифрландыру және автоматтандыру үдерістері, заманауи технологиялар, ирригация және көкөніс шаруашылығы жөніндегі оқу орталығын, өнім сақтайтын қоймаларды, сондай-ақ, көрме алаңдарын аралап көрген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы орталығын аралап жүр. Photo: akorda.kz

Жаңа аутлет қазіргі заманның талаптары мен үрдістеріне жауап беретіні айтылады. Қазақстан бойынша қосалқы бөлшектердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етпек. Сонымен қатар техникаларды күрделі жөндеу және қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығының еліміз үшін стратегиялық маңызы зор сала екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, алдымызда еңбек өнімділігін арттыру міндеті тұр. Бірақ заманауи технологияларды енгізбей және менеджментті жақсартпай оған қол жеткізу мүмкін емес.

Мемлекет басшысы фермерлер мен заманауи технологияларды меңгерген жас мамандарды оқыту жөніндегі жүйелі жұмыстарды жолға қоюдың маңызды екенін айтты.  Бұл, өз кезегінде, аграрлық саладағы білікті кадрлардың тапшылығына қатысты мәселені шешуге септігін тигізеді.

“Eurasia Group Kazakhstan” ЖШС – Швейцарияның Шаффхаузен қаласында орналасқан компания. 2002 жылдан бастап Қазақстандағы “Джон Дир” ұлттық дилері. Сонымен қатар JCB, Vaderstad, Lindsay және Grimme компанияларының дилері.

“Eurasia Group Kazakhstan” ЖШС – Қазақстандағы Eurasia Group AG өкілі. Бас кеңсесі Нұр-сұлтан қаласында орналасқан. Бас сервис орталығы Көкшетау қаласында. Қызметкерлер саны 400-ден асады. Ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету саласында еңбек етеді. Ауыл шаруашылығын цифрландыруды енгізеді және дамытады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз