Жас мамандар даярлауға 178 грант бөлінді – Атырау облысы әкімі

0
274
12 қыркүйек күні  Астанада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы жас мамандарды даярлауға бөлінген грант туралы айтты.
Облыс әкімі  өз сөзінде, мамандарды даярлау бағытында жергілікті бюджеттен 178 грант (130 – бакалавр, 48 – резидентура) бөлінгенін мәлімдеді. Ал, медицина саласы бойынша резидентураға арнайы 48 арналған грант бөлінген.

Брифинг барысында Нұрлан Ноғаев облыстағы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 3889 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, жалпы соммасы 3,17 трлн теңгені құрайтын 35 жоба жүзеге асырылып жатқандығын да айта кетті.

Атыраудың денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық базаны жақсарту, дәрігерлер жетіспеушілігін төмендету жайлы сөз қозғады. Өткен жылы облысқа әртүрлі бағыттағы 160 дәрігер келсе 2019 жылы қосымша 130 дәрігер шақыртылған. Бүгінде  кадр жетіспеушілігі 30 пайызды көрсеткен.

 

Бейбарыс Жұмабай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз