Катар-2022: әлем чемпионатындағы стадиондар сипаты – фоторепортаж

0
313
дереккөзден

Ресейде жақында ғана футболдан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жеңіс Францияға бұйырды. Чемпионат қарсаңында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадион қайта жөндеуден өтті, спорттық, туристік, көлік инфрақұрылымдары түзілді.

Футболдан кезекті әлем чемпионаты 2022 жылы Катарда өтеді. Бұл қыста Таяу Шығыста өткізгелі отырған ең алғашқы чемпионат. РБК таратқан ақпарға сәйкес, алдағы чемпионатқа орай елдегі 8 құрылыс нысанының макеті таныстырылды.

“Лусаил”
photo by Foster+Partners

“Лусаил” стадионында 2022 жылғы футбол чемпионатының ашылу және жабылу салтанаты өтеді. Стадион құрылысы 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Стадионның басты ерекшелігі – пассивті түрде ауаны салқындату, аталған ғимаратқа 80 мың адам сыяды.

photo by Foster+Partners

Атап өтерлігі, стадион Лусаил қаласын тұрғызу жобасы аясында  салынады, қаланы тұрғызуға кететін қаражат – 45 млрд доллар. 38 шаршы шақырым аумақты құрайтын қала Парсы шығанағы жағалауында тұрғызылады. Катардың жасаған есебіне сәйкес, аталған қалада 450 мыңға жуық тұрғын тұрады, бұл үшін 25 мың тұрғын үй мен 22 қонақ үй салынады.

“Әл-Бакра”
photo by Zaha Hadid Architects

Захи Хадид есімді сәулетші сызбасын жасақтаған “Әл-Бакра” стадионы 2019 жылға дейін тұрғызылады деп жоспарлануда. Аренаға 40 мың адамға дейін сыяды.

photo by Zaha Hadid Architects

Аталған стадион құрамына мейрамханалар, кеңселер, дүкендер, акваорталықтар мен көп функциялы орталықтар кіреді.

“Әл-Шамал”
photo by Qatar 2022 Bid Committee

“Әл-Шамал” стадионы Бахрейннен жарты сағаттық аумақта тұрғызылады, стадионға 45 мың адамға дейін сыяды.

photo by Qatar 2022 Bid Committee

Стадион жеке қондырғымен жабдықталады, оған суға арналған таксимен жетуге болады.

“Әл-Гарафа”
photo by Qatar 2022 Bid Committee

“Әл-Гарафа” стадионы алынбалы жоғары мінбермен салынады. Стадионға бір уақытта 45 мың адамға дейін сыяды.

photo by Qatar 2022 Bid Committee

Аталған стадионның түрлі-түсті сипатта болуы әлем чемпионатына қатысушы мемлекеттердің әр түрлілігін, сондай-ақ достық пен ынтымақты білдіреді.

“Рас Әбу Әбуд”
photo by Fenwick Iribarren Architects

Испан сәулетшілері аталған стадионды тұрғызуға ерекше идеялармен келген: 40 мың адамға арналған арена теңіз жүк контейнерлерінен тұрғызылады, әлем чемпионаты мәресіне жеткеннен кейін бөліктерге бөлінеді.

photo by Fenwick Iribarren Architects

Стадионның құрылыс алаңын Катар қала тұрғындарына арналған әл-ауқаты келіскен саябаққа айналдыруға ниетті, осылайша, экологиялық құрылыс пен тұрақты дамуды басшылыққа алмақ.

“Әл-Райян”
photo by Qatar 2022 Bid Committee

“Әл-Райян” Ахмед бен Әли атындағы стадионның қайта өңделетін ғимараты. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталды, 2019 жылы аяқталады деп күтілуде. Жаңартылған ғимаратқа 40 мың көрерменге дейін сыяды.

photo by Qatar 2022 Bid Committee

Стадионның ерекшелігі бүкіл стадион аумағына лайықталған көгілдір экран болмақ.

Әл-Хор”
photo by Qatar 2022 Bid Committee

“Әл-Хор” стадионы Парсы шығанағының жағалауында салынады. Стадионның жалпы сыйымдылығы 40 мың адамды құрайды.

photo by Qatar 2022 Bid Committee

“Әл-Хор” стадионына да жету үшін суға арналған таксимен бару қажет.

Халифа халықаралық стадионы
photo by Ibrahim M Jaidah

Бұл сурет “Әл Тумама” деген атаумен белгілі халықаралық Халифа стадионының қайта өңдеу тұжырымдамасы. Жаңартылған стадионның негізі – араб ерлерінің дәстүрлі бас киімі.

photo by Ibrahim M Jaidah

“Әл-Тумама” 1976 жылы тұрғызылған. 2005 жылы 15-ші Азиада ойындарына орай қайта құрылыс жұмыстары жүргізілді, стадионға 50 мың адам сыяды. 2022 жылға жоспарланған жаңартылған құрылысқа орай стадионға 68 мың адам сыяды деп есептелуде.

Cафина Саид

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз