Танымал спортшы Орхан Инанды оқиғасын Washington Post-қа жазды

0
136
Photo: tr724.com

Әлемге танымал баскетболшы әрі адам құқықтары белсендісі Енес Кантер америкалық The Washington Post газетіне екі апта бұрын Қырғызстанда ұрланған “Сапат” білім беру мекемелерінің президенті  Орхан Инанды туралы жазды. 

Оқи отырыңыз: Орхан Инандының адвокаты ұрланған күні көлік бейнекамерасына түсіп қалған кадрларды жариялады

Кантер 2017 жылы Индонезияда өзіне де осындай қауіп төнгенін айтып, әлем көшбасшыларын халықаралық аренада Түркияның ұрлау және мәжбүрлеп ұстау әрекеттерін тоқтатуға шақырды.

 “2016 жылғы сәтсіз төңкерістен кейін Түркия әлемдегі дипломатиялық миссиясын өз азаматтарына қарсы үгіт-насихат жүргізуге бағыттап, оппозиционерлердің қызметін жіті қадағалап, ұрлап жатыр. Халықаралық қоғамдастықтың осы қадамдарға тиімді жауап бере алмауы Түркия үкіметінің заңсыз істерін жалғастыруын жеңілдетеді”, – дейді Кантер жазбасында. 

NBA жұлдызы Кантер Орхан Инандының ұрлануын Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығында өлтірілген Жамал Хашоггидің оқиғасына ұқсатады.

Спортшы кейінгі уақытта Белоруссияда ұшақ бағытын өзгертіп ішінен оппозиция белсендісінің қамауға алынуына түрлі санкциялар арқылы жылдам реакция білдірген Еуропа Одағының әрекетін алға тартады.

“Соңғы бес жыл ішінде мыңдаған түрік диссиденті Ердоғанның репрессиялық режимінен қашып, жан сауғалап кетті. Барлығы түрлі ұрлау оқиғасының құрбаны болудан қорқады. Бұл шет елдерден пана тапқан түріктерді қорқытып қана қоймай, олар орныққан елдердің егемендігіне де кері әсер етеді”, – дейді Енес Кантер. 

Спортшы АҚШ-тың мұндай ұрлықтар мен жасырын экстрадициялауға қарсы бастама көтеріп, халықаралық қолдау жұмылдыратын уақыты келгенін айтады. Оның пікірінше, Түркияның шетелдердегі заңсыз әрекеті еленбей қала берсе басқа диктаторлар да осы жолдарды қолдана бастауы мүмкін.

Қырғызстандағы Халықаралық “Сапат” білім беру мекемелерінің президенті, Қырғызстан азаматы Орхан Инандының із-түссіз жоғалып кеткеніне 17 күн болды. Әйелі Рейхан Инандының айтуынша, оны Бішкектегі Түркия елшілігінде күшпен ұстап отыр. Қырғызстан халқының Орхан Инандыны табуды талап етіп, билік ғимараттарының алдында митинг өткізіп жатқанына да екі аптадан асты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз