ҰБТ-ға тіркеу басталды

0
169
Photo: edu.org.kz

28 сәуірден бастап негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркеу басталды. Тіркеу 14 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

  • Тіркелу: 2022 жылғы 28 сәуір (18:00) мен 14 мамыр аралығында app.testcenter.kz сайтында.
  • ҰБТ өткізу мерзімі: 2022 жылғы 16 мамыр – 5 шілде.
  • Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеуден өту ОРНЫН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды”

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде тестілеуді 2 рет тапсыруға мүмкіндік болады. Онымен қоса ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады.

Бұл ҰБТ-ға қатыса алатындар тізімі:
✔️орта білім беру ұйымдарының 2022 жылғы түлектері;
✔️орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
✔️жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
✔️ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар;
✔️ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар.

Биылғы (2022) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз