Қазақстандық бренд Америка нарығын бағындырмақ

0
95

Кез келген іс-шараны немесе қарапайым кешкі асты сүйікті тортпен мерейлі мерекеге айналдыруға болады. Дүние жүзінде мұндай десертке арналған көптеген рецепттер бар. Ал ең тәттісі «Happy cake» торты.

Әрбір белгілі брендтің артында алғашқы қадам жасап, тұқым тастайтын тұлғалар тұрады. “Бақытты торттар мекеніне” айналған «Happy Cake» артында да ерекше екі жан тұр. Олар, Асхат пен Сәуле. 10 жыл бұрын бір бөлмелі үйдің асханасында Сәуле ханым торт пісірсе, Асхат мырза оны жеткізетін. Кейін осы көңіл-күйді бүкіл әлем сезіну керек екенін түсінді. Осылайша, дүкен атауының тұғырнамасына айналған өзгеге бақыт сыйлау миссиясы өз соқпағымен жүріп келеді. Бір қарағанда, мұндай тәтті десерттерді дайындау қиын жұмыс, оны тек кәсіпқойлар мен өз ісінің шеберлері жасай ғана жасай алады деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ іс жүзінде рецепттердің көпшілігі табиғи әрі сапалы. Және ең бастысы шын көңіл, ыстық ықылас атты пештен шығады.

“Happy Cake” негізін қалаушылар Асхат Солтанов пен Сәуле Солтанова

Биыл «Happy Cake» кондитерлік желілеріне 10 жыл толып отыр. Осыған орай, дәмді торттар маңайында жүрген тәп-тәтті ұжым мен дос-жаран Елорда төрінде бас қосты. Өткенді еске алып, ақжарма тілек тілесті. Сондай-ақ осы кеште салтанатты түрде «Happy cake» дүкені Америка құрама штаттарында ашылатынын жария етті.

Осыған орай, kazaknews.kz редакциясы «Happy cake» он жылдығына 10 түрлі қызықты факт ұсынады:

  1. 2019 жылы «Happy Cake» жеке сайт ашып, қазіргі таңда оның 7.200.000 қаралымы бар.
  2. Орташа есеппен, бір сағатта 149, күніне 3572 торт сатылады.
  3. Осы күнге дейін сайт арқылы 400.000 тапсырыс қабылдаған.
  4. Барлығы 3.800.000 тапсырыс түскен.
  5. Торт жеткізу қызметі 617.000 рет өзге жандарға бақыт сыйлады.
  6. Колл Центр арқылы 1.900.000 қоңырау келген.
  7. Қазіргі таңда 43 франшизасы жұмыс істейді.
  8. 900.000 жуық бірегей тұтынушылары бар.
  9. 677 адам жұмыспен қамтылған.
  10. Қазіргі таңда 4 елде, 31 қалада, 137 дүкен желісі бар.
    Айта кету керек, Асхат Солтановтың өз ережесі бар. Яғни, франшизаны құндылыққа берік бола алатын отбасыға ғана аманат етіп, тапсырады.

Айта кету керек, Асхат Солтановтың өз ережесі бар. Яғни, франшизаны құндылыққа берік бола алатын отбасыға ғана аманат етіп, тапсырады.

«Happy cake» нағыз отбасылық құндылықтарды дәріптейтін бренд.


ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз