Қазақстандықтар Ресей рублінен “құтылып” жатыр – Зерттеу

0
91
Photo: Gazeta.ru

Қазақстандықтар биыл валюта айырбастау пункттерінде, Ресей рублін жалпы сатып алған сомадан 8,4 миллард теңгеге артық сатқан, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Ал осыдан бір жыл бұрын Ресей рублін айырбастау пункттеріне сатқаннан гөрі 215,2 млрд теңгеге артық сатып алған.

Валюта айырбастау пункттерінде АҚШ долларын таза сату биыл 385,5 млрд теңгені құрады. Еуроның таза сатылымы, керісінше, 29% өсіп, 2023 жылы 74,6 млрд теңгені құрады.

АҚШ долларының ресми бағамы биыл мамыр айының басында 1 АҚШ доллары 453,39 теңге болса, 10 мамырда бағам 445,28 теңгеге дейін төмендеді. Еуро бағамы 10 мамырға дейін 498,18 теңгеден 490,97 теңгеге дейін төмендеді. Ал Ресей рублінің бағамы ай басынан бері 5,63 теңгеден 5,8 теңгеге дейін өсті.

Бұдан бөлек биыл халықаралық ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы шетелге аударылған қаражат көлемі 182,9 млрд теңгені құрады.

Қазақстаннан халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы ақша жөнелтілген елдердің ішінде ең көп көлем Түркияға тиесілі (54,4 млрд теңге). Одан кейінгі орында Ресей (48,1 млрд теңге) және Өзбекстан (32,3 млрд теңге) орналасқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз