10 желтоқсан – Қазақстан астанасы Ақмолаға ресми көшкен күн

0
308
Астана қаласы.

Осыдан 24 жыл бұрын, 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға ресми көшіру жүзеге асты. Бұл туралы Kazaknews.kz Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астананы көшіру туралы ұсынысты Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Қазақстан Республикасы жоғарғы кеңесінің отырысында жария етті. Осылайша бірнеше жылдай кейін орталық мемлекеттік органдардың еліміздің жаңа бас қаласына көшуі басталды.

1997 жылғы 20 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы” жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес Ақмола 1997 жылдың 10 желтоқсанында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасына айналды.

1998 жылы 10 маусымда қаланың ресми тұсаукесерін өткізді.

“Ақмола Қазақстанның географиялық орталығына жақын және Қазақстан экономикасының жетекші және қарқынды өсу нүктелері болып табылатын маңызды шаруашылық өңірлеріне жақын орналасқан. Қала ірі көлік магистральдарының қиылысында орналасқан және осыған байланысты еліміздің барлық өңірлерімен байланысқан. Сонымен қатар, қала Қазақстан үшін көптеген шет елдерге шығудың ең оңай жолы болып табылатын трансеуразиялық магистральдардың жанында орналасқан”, – делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың “Еуразия жүрегінде” атты кітабында.

Елбасының ақпараты бойынша, астананы көшіру туралы шешім қабылданған сәтте Ақмола халқының саны 290 мың адамды құрады. Ал қазіргі Нұр-Сұлтанда 1 млн 200 мыңнан астам азамат тұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз