16 желтоқсанда қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

0
88

Астана әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен қалалық әкімдікте апталық аппарат жиналысының кезекті отырысында 16 – желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қала тұрғындарына қоғамдық көлікпен жүру тегін болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов аудан әкімдіктерімен жасалған келісімдерге сәйкес, кейбір қалалық бағдарлардың қозғалыс бағыттары өзгеретіні туралы айта отырып, 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнінің құрметіне елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктермен тегін жүретінін хабарлады.

Бұдан бөлек, жиында Астана қаласының әкімі МЖӘ, Смарт-сити жобаларының жүзеге асуы, жанар-жағар май мен көмір нарығындағы қазіргі жағдай, «Сергек» бейне-бақылау камераларын іске қосу жұмыстарының барысы, бюджет қаражатының игерілу барысы мен нысандарды коммуналдық меншікке қабылдау шаралары жайынан ақпараттандырылды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз