Түркияда есірткіге тәуелділік жасы тоғызға дейін төмендеген

0
188

Түркияның шұғыл медицина қауымдастығының президенті және Еуропалық шұғыл медициналық қоғам кеңесінің мүшесі Юлкюмен Родоплу елде нашақорлыққа тәуелділік жасының тоғыз жасқа дейін қысқарғанын мәлімдеді.

Түркиялық Hürriyet агенттігінің мәліметінше, өткен аптада (Измирдің батыс провинциясында) 9 жасар бала есірткіге тәуелділіктен арылу үшін ауруханаға жеткізілді.

Юлкюмен Родоплудың айтуынша Түркияда есірткіге тәуелділік күрт өскен. Әсіресе жастар арасында адам өміріне аса қауіпті синтетикалық зат түріндегі «бонзай» препаратын тұтыну жоғарылаған.

Сонымен қатар, Түркияда есірткі тұтынушылардың өлімі екі есеге артқан. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы есірткіге тәуелділіктен көз жұмғандардың саны 520-дан 1 мың 200 адамға дейін артты.

Шұғыл медицина қауымдастығының президенті: «Адамның бойында есірткіге тәуелділік бар болса, ол міндетті түрде қылмыскер. Нашақорлардың 97% ұрлық жасаумен, ауыр қылмыстармен және лаңкестік әрекеттермен байланысты болады. «Бонзай» препараты немесе тағы да басқа есірткі түрлері сенімділікке батылдылыққа не болмаса өнімділікті арттыруға емес, керісінше өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді», – деп қорытындылады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз