31-арнаның директоры ауысты

0
280
Құрманбек Жұмағали.

31-арнаның директоры болып Astana TV экс-басшысы Құрманбек Жұмағали тағайындалды. Бұл туралы Informburo сайты хабарлады. 

Агенттік мәліметіне қарағанда жаңа бас директор каналдың ТВ және интернеттегі аудиториялық көрсеткіштерді одан әрі арттыруға, Қазақстандағы “31-арнаның” нарықтық үлесін ұлғайтуға, жеке өнімдерінің желісін кеңейтуге және жалпы бизнестің тиімділігін арттыруға мүдделі, сондай-ақ Жұмағалимен бірге арнаға топ-менеджерлердің жаңа командасы келеді.

Құрманбек Жұмағали бұған дейін “Хабар “Агенттігі” АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы және кеңесшісі, “Қазақстан” РТРК АҚ Өңірлерді дамыту департаментінің директоры, Қазақстан халықтары Ассамблеясы қорының директоры, “Алматы”телеарнасы бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017-2018 жылдары Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы, кейін “Қазақ радиолары” ЖШС директоры және “Қазақстан “РТРК”АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылдың қазан айынан бастап “Астана”телеарнасын басқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз