Ақтөбеде жемқорлықтан қайтарылған ақшаға мектеп салынады

0
95
фото: Ақтөбе газеті

Ақтөбе облысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша қыркүйеқте жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі лауазымды тұлғалар 197 миллион теңге сомасында келтірілген залалды өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің келісімі бойынша Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысын аяқтауға көрсетілген соманы пайдалану туралы шешім қабылданып, проблемалы деп танылған.

Құмжарған ауылында мектеп 2019 жылдың қаңтар айында ашылып, ескі мектепте (1974 жылы салынған) оқыған 54 отбасынан шыққан балалардың мәселесін шешу жоспарланған болатын.

Алайда, мердігер компанияның міндеттемелерін орындамауына және немқұрайлылық танытуына байланысты мектеп жұмысы іске қосылмаған.

Қазіргі уақытта нысанға жаңа мердігер тартылып, оны аяқтау үшін 150 миллион теңге бөлінеді.

Өтелген ақшалай қаражаттың бір бөлігі Ақтөбе қаласының аумағында еліміздегі ең ірі workout алаңдарының бірін салу үшін пайдаланылатын болады. Бұл балалардың бұқаралық спортының дамуына серпін береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз