Ақтау әуежайы Тегераннан алғашқы чартерлік рейсті қабылдады

0
140
фото: baribar.kz

Iran Airtour әуекомпаниясының ұшағымен Маңғыстау облысына 137 турист келді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Осы демалыс күндері Ақтауға Иран елінің туристерімен екінші рейс келеді. Биыл басқа елдердерден де чартерлік рейстер күтіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан Иран, Қытай және Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізген болатын.

“Ақтау Ираннан келген қонақтар арасында үлкен сұранысқа ие, сондықтан ирандық туроператорлар ұйымдастырған әуе рейстері мен турлар көп күттірмеді. Біз қазір келетін қонақтардың санын көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан алдағы уақытта мұндай рейстердің де саны артуы керек. Болашақ серіктестермен келіссөздер үнемі жүргізіліп отырады”, – дейді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз