«Ақылды қария-ағынды дария»

0
136

Астанада осындай атаумен І-қалалық аналар форумы өтті. «Бабалар аманаты» тарихи-мәдени қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға зиялы қауым өкілдері, депутаттар, қариялар мен әжелер, ұстаздар қатысты.

Форумды «Бабалар аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Арайлым Рахымқызы ашып беріп, жаңа кітаптарды таныстырды. 

«Халық әнін айтатын әжелер хоры құрылған. Осы әжелеріміз Абайдың қара сөздерімен, өлеңдерімен, мақал-мәтелдермен қанша баланың тәрбиеленуіне үлес қосып жүр. Сонымен қатар, салт-дәстүрге сай той өткізу үрдісі бұзылмаған бірнеше кітапшалар менен, бір жылдың ішінде бала тәрбиесі, ұлттық тағамдарды жаңғырту мәселесінде бірнеше кітаптар шығарылды», – деген Арайлым Рахымқызының сөзінен соң, жаңа шыққан кітаптардың тұсауы кесілді. 

Ал Сенат депутаты Амангелді Толамисов келешек ұрпақ тәрбиесінде қазыналы қарттардың орны ерекше екенін атап өтіп, форумға қатысушыларға сәттілік тіледі. 

«Әділетті Қазақстан құру үшін экономикалық, саяси ғана реформа жасау жеткіліксіз. Оны құрып, әрі қарай әлемге елімізді паш ететін біліммен қаруланған, тәрбиемен нәр алған ұрпақ керек. Ол Әділетті Қазақстанды құратын адал азамат. Мынау, Зере әжеміздің тәрбиесін алған Абай атамыздың көрсетіп кеткен адал азаматының бір бөлігі бүгінгі аталарымыз бен әжелеріміздің еншісінде ғой деп ойлаймын. Себебі қарты бар ел, қазынасы бар ел. Қазақта «Төрден қарт үзілмесін» дейді», – деді Сенатор. 

Бұдан бөлек, журналист, тарихшы Қабанбай батыр атындағы мемлекетті пантеонның директоры Камал Әбдірахман, Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров және тағы басқа қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. 

Форум барысында әжелер алқасынан құрылған хор дәстүрлі ән айтып, қолдан жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз