Елімізде тағы бірнеше жол ақылы жүйеге көшті

0
59

Бүгіннен бастап “Павлодар-Семей-Қалбатау” күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол. 

Сонымен қатар, алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:

⦁ 2023 жылғы 9 қазанда «Бейнеу-Ақжігіт»;

⦁ 2023 жылғы 10 қазанда «Орал-Самара»;

⦁ 2023 жылғы 14 қазанда «Павлодар-Омбы»;

⦁ 2023 жылғы 16 қазанда «Көкшетау-Петропавл» күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.

Бұдан бөлек, «Орал-Саратов» жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр.

Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

Жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);

1. 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;

2. 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;

3. 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км;

4. жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 20 тг/км;

5. жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз