Адам өлтірген 143 күдіктіні полиция әлі таба алмай жүр

0
29

Бас прокуратура дерегі бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар.

Елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (496)

Астана қаласында (183)

Шымкент қаласында (149)

Алматы (164)

Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.

Сондай-ақ, жоғалған адамдардың көп бөлігі :

Алматы қаласы – 278;

Қарағанды облысы-217;

Павлодар облысы-170;

Алматы облысы – 152 тіркелген.

Үйден кетіп, оралмаған – 1 572 адам,

автокөлікпен жоғалған – 73,

жұмыстан кеткен – 38.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз