Air Astana-ға 1 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды

0
37
Air Astana ұшағы. Photo: Air Astana баспасөз қызметі.

Эйр Астана әуекомпаниясы жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде Эйр Астана жолаушылардың барлық санатынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттеген.

Енді Эйр Астана компаниясы, 6 желтоқсаннан бастап жанармайға қосымша ақы қолдана алмайды. Мәселен, Астана-Алматы бағытындағы билеттің орташа бағасы 28 435 теңгеден 24 435 теңгеге түседі, Алматы-Ақтау бағытында орташа баға қазіргі 37 568 теңгенің орнына 31 078 теңгені құрайды.

Бұдан бөлек 2024 жылдың соңына дейін ішкі бағыттар бойынша жолаушыларды авиатасымалдау қызметтерінің бағасы көтерілмейді.

Шешімді Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз