Қарағанды мектептеріне қоқыс тастайтын ерекше контейнерлер қойылады

0
354
Қоқыс контейнерлері. Сурет: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды қаласындағы мектептерде қоқысты сұрыптап жинайтын контейнерлер орнатылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандылық мектептерде қоқыс түрлерін бөлек жиналатын контейнерлер орнатылады. Оларға қағаз, пластик, темір немесе алюминий қаптамаларды, шыны және тетрапакеттерді тастауға болады.

«Vпереработку» акциясы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры Қарағанды облыстық білім басқармасымен бірлесіп өткізіп отыр. Оның мақсаты – оқушыларға қоқысты бөлшектеп жинаудың маңыздылығын көрсету.  Осы мақсатта Қарағанды білім бөлімі, қалдық өңдейтін «Recycling» ЖШС және Қоғамдық маңызды бастамалар қоры арасында меморандум жасалды.

Әзірге мекемелер тек 2019 жылға өзара серіктестікке келісім жасады, егер жыл сәтті өтсе, әрі қарай да жалғасады. Бүгінде Қарағандының барлық мектептерінде қағаз, шыны, темір, пластик лақтыратын арнайы контейнерлер орнатылды. Олар толған сайын «Recycling» ЖШС мамандары қоқыс жәшіктерін ауыстырып отырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз