«Астана LRT» орталық кассасының мекенжайы ауысты

0
162

12 қарашадан бастап «Астана LRT» ЖШС орталық кассасының мекенжайы Қошқарбаев көш., 50/1-ге көшіріледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Астана LRT» орталық кассасы жаңа мекенжайда қызмет көрсету терезелерінің санын көбейтеді. 6 терезеге тағы 4 қызмет көрсету терезесі қосылмақ, осылайша 10 техникалық қызмет көрсету терезесі жұмыс істейтін болады,.

Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршруттар қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін және халықты барынша қанағаттандыру үшін тасымалдау пункттерін қамтиды.

Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жұма, 08:30-18:00-ге дейін, үзіліссіз.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана LRT» ЖШС-нің орталық кассасында қолма-қол қаражатты қайтаруды жүзеге асыра аласыз. Сондай-ақ, жеңілдігі бар және оқушылардың мектеп карталарын жаңадан алуды жүзеге асыра аласыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз