Астана мектептерінің бірінде мұғалімдер екі айдан бері жалақы алмаған

0
25

Астана мектептерінің бірінде 130-дан аса мұғалім екі айдан бері жалақы алмаған, бұл туралы елорда прокуратурасы хабарлады.

Құқығы бұзылған жұмысшылардың арасында мұғалімдермен қатар басқа да қызметкерлер бар. Мекеменің қызметкерлер алдындағы жалпы қарызы 41 миллион теңгеден асқан.

Іске прокурорлар араласқаннан кейін жұмысшыларға жалақы төленді. Жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз