Астана «қысқы ертегіге» көмкеріледі

0
276

Еліміздің бас қаласында қысқы отбасылық демалысқа арналған кең ауқымды қызмет көрсететін интерактивті ойын-сауық алаңдары іске қосылды.

Осы жылы қала тұрғындары мен қонақтары бүгінгі мегаполистен Ұлы жібек жолы кезеңдерінің ғажайып атмосферасына бөленіп «1001 түн» ертегілеріне, Лапландиядағы көңілді демалыстың күйіне саяхат жасай алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала ішіндегі “ертегі саябақтары” негізінен орталық алаңда, Ботаникалық бақта, EXPO-2017 аумағында, «Хан Шатыр» ОСО маңында, Президет саябағында, «Қазақ елі» монументі маңындағы алаңда, «Ататүрік» саябағында, Есіл өзенінің жағалауында, «Жерұйық» саябағында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында және «Алатау» СК аумағында өтеді.

Қаланың шетінде орналасқан «Жағалау» ТК, «Көктал-1» ТА, «Ильинка» ТА, «Өндіріс»ТА, «Рахмет» СҮ маңы, «Кирпичный» ТА мен Қосшығұлұлы көшесіндегі үйлердің тұрғындары да «қысқы ертегіге» бөленеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз