Астанада 30 мыңнан астам жарықшам ауыстырылады

0
263
Жарықшам

Елордада 30 мыңнан астам жарықшам ауыстырылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Биыл біздің “Интернет заттары” технологиясын қолдана отырып,  31 мың жарықшамды ауыстыру бойынша үлкен МЖӘ жобасын іске асыруды бастайтынымыз өздеріңізге мәлім. Жоба жеке компаниялар қаржысының есебінен жүзеге асырылады”, – деп мәлімдеді әкімдікте өткен отырыста инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Абдықадыров.

Бастамашылар бұл жоба шығындарды 60%-ға үнемдеуге, эксплуатациялық шығындарды 3 есеге төмендетіп, жарықшамдарды пайдалану мерзімін 15 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз