Астанада Қазақстанның туристік брендінің тұжырымдамасы таныстырылды

0
125

Республиканың туристік брендінің тұжырымдамасы 7 желтоқсан күні отандық туризм индустриясының дамуы мен жетілуіне арналған Travel Media Talks халықаралық форумы аясында көпшілік назарға ұсынылды.

«KazakhTourism» ҰҚ» АҚ-ның ActionMedia (Қазақстан) және MediaGurusInc.(Канада) агенттіктерімен жасақталған тұжырымдама авторларының бағыты – Қазақстанды шетелдік туристер үшін және қазақстандықтардың өздері үшін де көрікті ету.

Саяхатшылардың Қазақстанды жаңа әрі кең танылмаған туристтік бағыт ретінде қабылдауын қалыптастыру – тұжырымдаманың басты идеясы.

Еліміздің дамуының тарихи-мәдени ерекшеліктерінің сан түрлілігімен дараланатына авторлар ерекше мән берген. Ал , бұл өз кезегінде кез келген адам үшін теңдесі жоқ тәжірибе, өйткені ел қоржынында этностардың, діндердің, мәдениет мен тілдердің, ас үйлерінің, табиғат пен климаттың, тарихи және қасиетті жерлердің алуан түрі бар.

«Біз анықтаған түсініктер еліміздің туристтік тартымдылығын құрудағы жергілікті қауымдастықтың рөлін нақты анықтап берді. Көптеген мәселелер бірінші және екінші топ үшін де бірдей екенін білдік. Соған байланысты, бренд-платформаны ұлттық бірыңғай бренді ретінде дамытуда үлкен мән көреміз.

Жергілікті деңгейдегі ел дамуы әр қазақстандық үшін абыройлы ісі ретінде болуы қажет. Бұл шетелдік туристтерді алшақтататын инфрақұрылымдық мәселелердің жойылуына септігін тигізеді», – деді жобаның шығармашылыұ продюсері, белгілі халықаралық журналист Риз Хан.

Бұл жағдайдағы ең басты мақсат – елдің барлық туристтік мүмкіндіктері жайлы жергілікті деңгейдегі қоғамды ғана емес, әсіресе шетелдік аудиторияны ақпараттандыру, сондай-ақ сол мүмкіндіктерді сезіндіру. Басқаша айтқанда, мүмкіндіктерді өзіңіз үшін ашу.

Бренд атауын жасақтау үрдісіндегі –stan жұрнағымен «ойыны» автор тарапынан жасалған жаңашыл қызықты шешім болды.

«Бүгінгі таңда -stan жұрнағы бар көптеген мемлекеттерде ел бейнесіне қатысты кедергілер туындайды. Кейбіреулері миллиондаған PR-кампанияларды жүргізсе, енді біреулері тіптен, ел атауын өзгерту туралы да ойлап бастайды. Әзірге Батыс –stan жұрнағын теріс жағынан қолданса, біз керісінше оны өз пайдамызға қарай өзгерте аламыз. Қалай? Біз –stan жұрнағын иемдену керекпіз. Біз өзіміз дұрыс әрі өзімізге тиімді түсініктерді қалыптастыруымыз қажет», – деген ойда Риз Хан.

Осыдан келе Қазақстандағы жаңа туристтік жаңалықтарды зерттеуді сипаттайтын еліміздің туристік брендінің атауы да – #Explorestan Kazakhstan.

Хэштегті атау құрылымының ерекшеліктерінің бірі ретінде қолдану атауға үйлесімді қосымша әрі цифрландырудың нағыз символы іспеттес.

Авторлар жарнамалық компаниядағы коммуникациялық хабардың тақырыбына байланысты түрлі суббрендтерге қарай атаудың өзгеру мүмкіндіктерін де қарастырған. Мысалы, шығармашылық-коммуникациялық хабарламада қонақжайлылық туралы айтылса, #FriendlystanKazakhstan суббренді, ал саяхаттаушылар үшін мүмкіндіктер туралы #AdventurestanKazakhstan хэштегін пайдалануға болады.

Жаңа брендті жетілдіру стратегиясына келер болсақ, авторлар мақсатты аудитория үшін үйреншікті әрі түсінікті коммуникация каналдарын (БАҚ, әлеуметтік желі) қолдану және аудиторияның өзін брендті насихаттауда жұмысқа тартуды аталмыш сұрақтың шешімі деп біледі.

Түпкі мақсат – жергілікті деңгейдегі аудиторияны брендтің бір бөлігі ретінде болуына және брендті халықтық етуге ынталандыру.

«Аталмыш брендті жетілдіру стратегиясын кең көлемді түрде жүзеге асыру және алыстатылған маркетинг бойынша жұмысты бір арнаға қою үшін барлық жақты, ең алдымен турбизнестің өзін, әрине де медиаиндустрия мен блог саласын тарту керек екенін біз анық білеміз. Бұл саладағы біздің әріптестеріміздің тәжірибесі біз үшін қызықты. Сондықтан да біз еліміздің ұлттық туристтік брендінің саланы дамытудағы әсерін талқылау үшін пікірталас алаңы болатын форумды өткізуді жөн көрдік», – деп қосты «KazakhTourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Кузембаев.

TravelMediaTalks форумы аясында еліміздің турбрендінің жобасы көпшілікке ұсынылды, алдағы ең жақын арада мемлекеттік деңгейде бекітілетін болады. Жаңа тұжырымдама аясындағы алғашқы медиа-өнім – сол командамен жасалған, күз айында Euronews телеарнасының эфирінде көрсетілген проморолик болатын.

TravelMediaTalks форумы дискуссиялық алаң мен TED Talks шеңберінде жүзеге асқан көпшілік алдында сөйлеу форматы тәжірибесінің элементтерімен бірлескен, қысқаша презентациялық көрсетілімдері, дәрістері мен шебер-сағаттары бар жеке спикерлерге жүктелген негізгі рөлді қамтыған туризм туралы алғашқы тұжырымдамалы шара екенін айта кетейік.

Форум спикерлері – 6 мемлекеттен, оның ішінде қазақстандық мамандар мен Ұлыбританиядан, Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан және Қырғызстаннан келген туризм және медиа саласындағы сарапшылар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз