Аудандық әкімдіктерге 100-ге жуық функция берілуі мүмкін 

0
68

Әкімдіктерге қосымша функциялар беру олардың штаттық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ескере отырып, кешенді түрде жүргізілетін болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Экономика министрлігінде өткен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды kazaknews.kz. 

Министрлік жергілікті атқарушы органдардың [ЖАО] өкілеттіктерін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Оған сәйкес 200-ден астам функциялардың тізбесінің алдын ала қалыптастырылған жобасы бойынша, оның ішінде 100-ге жуық функцияларды аудандық әкімдіктерге беру бойынша мемлекеттік органдардың тыңдаулары өтіп жатыр. 

ҚР ҰЭМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры Жадыра Темірбаева соңғы үш жыл ішінде квазимемлекеттік сектордың әкімшілік персоналы 25% -ға, өнімді емес шығыстар 15% -ға дейін қысқартылғанын айтты.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді, жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері кеңейтілді (21 функция), сондай-ақ бюрократиядан арылту мақсатында формальды сипаттағы 364 функция алынып тасталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз