Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Финляндияға есе жіберді

0
53

Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына топтық іріктеу ойынында Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндиядан жеңіліс тапты. Бұл жеңісінен кейін Финляндия топта абсолютті бірінші орынға шықты.

Астана қаласында өткен матчта Магомед Адиев шәкірттері 0:1 есебімен ұтылды. Астана Арена стадионына ресми мәлімет бойынша 30 019 жанкүйер жиналған.

Матчтың бірінші таймында есеп ашылмады. Екінші кезеңді Финляндия құрамасы өте белсенді бастады. Осылайша ойынның 78 минутында алғаш болып есеп ашты. Жалғыз голдың авторы финляндиялық Оливер Антман болды.

Бұл нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы H тобында 5 турдың қорытындысы бойынша 9 ұпаймен 2 орында тұр.

Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландия қүрамасын қабылдайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз