Қазақстан жемқорлықпен күрес бойынша әлемде 101 орында тұр

0
358
Фото: shutterstock

Transparency International ұйымы 2022 жылға арналған Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СҚИ) жариялады. Бұл мәліметтер бойынша Қазақстан 180 елдің арасында 101-орынға тұрақтаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, индексте 0-ден 100-ге дейінгі шкала қолданылады, мұнда 0 сыбайлас жемқорлықтың өте жоғары деңгейіне, ал 100 өте төмен деңгей. Қазақстанның шкаласы 36 ұпай. Ал одан бір жыл бұрын 37 болған.

Дегенмен жалпы барлық елдердің индексі орташа 43 ұпайды көрсетеді.

Ұлттық статистика бюросы жасаған 2022 жылғы қазан-қарашадағы зерттеуге сүйенер болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке респонденттердің 29,2%-ы толық сенуге болады десе, 2021 жылғы қараша-желтоқсанда 25,1%-ы мұнымен келіспейтінін айтқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенімсіздік немесе төмен сенімнің негізгі себебі респонденттердің 35,4%-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өзі сыбайлас жемқорлық екеніне сенімді.

Тағы 34,2% респондент жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтардың құқықтарын қорғаумен емес, көбіне жазалау шараларымен байланысты екенін атап өтті. Респонденттердің 20,6%-ы қызметкерлердің кәсіби деңгейінің төмендігін атап өтті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ішінара немесе толық сенбейтінін айтқан респонденттердің 9,2%-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен қорқады, ал 8,4%-ы бұрын қызметпен жұмыс жасап, оң нәтиже алмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз