Қазақстанда 1500 запастағы офицер әскери жиынға шақырылады

0
138

Даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, сондай-ақ қажетті жауынгерлік даярлық деңгей мен өздерінің міндеттері бойынша іс жүзіндегі машықтарды қолдау үшін шамамен 1 500 әскери міндеттіні әскери жиынға шақыру жоспарланған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

“«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 33 бабы 1) тармақшасына сәйкес Қорғаныс министрлігі «2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығын әзірледі”, – делінген хабарламада.

Әскери жиындар 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп тұрады. Жалпы жиын 30 күнге созылады.

Бұйрық жобасының мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 13 ақпанына дейін мына сілтеме арқылы толық білуге болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14395424

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз