Қазақстанда 2024 жылы сайлау өтеді

0
792

2024 жылы Қазақстанда аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда өткен ҰҚСК-нің 5-ші отырысында айтты. 

Оқи отырыңыз: Медициналық оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы көбейеді

“Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін, – деді Тоқаев. 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусымда құрылып, алғашқы отырысы 2019 жылы 6 қыркүйекте өтті. Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сарапшылар кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз