Қазақстанда алғаш рет “музыкалық жол” салынды

0
243

Қазақстандағы “Нұр-Сұлтан-Шортаңды” тас жолында музыкалық шу жолақтары орнатылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, музыкалық жолақтар тас жолдағы апатты болдырмауға үлкен себеп. Әуенді жолақтың үстімен жүргенде ол жылдамдықты азайтуға әсер етеді. Жолақтың үстімен 90 КМ/Н жылдамдықпен жүргенде, музыканың дауысы өзгереді.

Жобаны жасауда Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесін ескерілген. Қазір эксперимент ретінде қарастырылуда. Келер жылы басқа үлкен тас жолдарға салынатын болады.

Музыкалық шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу себебінен болатын апатты болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің сақ отыруына көмектеседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз