Қазақстанда қант тапшылығы бола ма?

0
165
Қант.

Қазақстанның тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен республиканың қоймаларындағы қант қоры шамамен 31 мың тоннаны құрайды. Бұдан бөлек, зауыттарда өңдеуге арналған 36 мың тонна құрғақ қант шикізаты бар. Бұл туралы оrtcom.kz сайты хабарлады.

“Қазақстанда қант тапшылығы жоқ. Қант зауыттарындағы өнім өндірісі үздіксіз жүріп жатыр. Ішкі нарыққа  қант жеткізуді «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ жүзеге асырады”- делінген хабарламада.

Биыл мамыр айында барлығы 30 мың тоннадан астам жүк тиеліп, маусым айында 44,8 мың тонна қант жөнелту жоспарланған.

Өз кезегінде 152 вагон қант жақын күндері өңірлерге жеткізіледі. Жергілікті билік орындарына жеткізілетін өнімді жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз