Қазақстанда ауа райының күрт бұзылуына байланысты 61 жол учаскесі жабылды

0
149
Photo: inform.kz

9 қаңтарда күн райының күрт бұзылуына байланысты Қазақстан автожолдарының 61 учаскесінде жол жабылды. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар минисрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жабылған жолдың 26-сы республикалық маңыздағы жол учаскелері.

Қазіргі уақытта Астана – Шортанды бағытында (сегіз жүк көлігі), Ақтөбе облысындағы Ақтөбе – Қарабұтақ (30 автокөлік), Абай облысындағы Қалбатау жолында (46 көлік) және Көкпекті – Қалбатау (39 көлік), Павлодар облысындағы Шідерті – Қарағанды (20 көлік) жолында көліктер тұрып қалған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, арасында 9 бала бар 37 адам құтқарылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз