Қазақстанда автобөлшек сату тәртібі өзгерді

0
281

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев автобөлшектерді сатудың жаңа тәртібін түсіндірді.

“Бұдан былай қолданылған автобөлшектерді арнайы дүкендер және сауда орындары ғана сата алады. Міндетті түрде келісімшарт рәсімделуі керек. Ол құжатта автобөлшекті тапсырған адамның жеке мәліметі көрсетілуі шарт. Бұдан бөлек, тапсырылған құрал-сайманның фотосы тіркеледі”, – деді Тұрғымбаев онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Министрдің сөзінше, ұлттық банкпен бірге ломбардтарға қатысты жаңа талаптар енгізілген. Осының арқасында ұрланған заттар қабылданбайды.

“Енді, ұрлық екінші рет жасалса, ауыр қылмыстардың санатына жатады. Яғни, қылмыскер зардап шеккен адаммен татуласа алмайды. Жазадан құтылмайды. Осы өзгерістердің арқасында ұрлықтың саны азайып отыр”, – деді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз