Қазақстанда бейнебақылау туралы ереже қабылданды

0
143
фото: vyborok.com

27 ақпанда Бас прокуратураның бастамасы бойынша қылмыстық қудалау органдары полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру маршруты мен режимдік кабинетті де қамтиды. Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шара қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды”, – делінген хабарламада.

Бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз