Қазақстанда тәуекел аймағында тұрған жылу станциялары белгілі болды

0
35
фото: экспресс к

27 маусым күні Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев биылғы жылу маусымына байланысты баяндама жасады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Министрдің айтуынша биыл электр станцияларында 10 энергоблокты, 49 қазандықты және 54 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.

«Қазіргі уақытта 3 энергоблокта, 19 қазандықта және 8 турбинада жұмыстар жүргізілуде. 3 қазандық пен 8 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде алдағы жылыту кезеңінде қауіпті аймаққа енгізілген энергетикалық кәсіпорындарға ерекше назар аударылады», – дейді министр Алмасадам Сәтқалиев.

Атап айтқанда, Риддер ЖЭО-ның барлық 6 қазандығын жөндеуді бастау үшін қажетті шаралар қабылданған. Бұл аймақтарда жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін басталмаған немесе кешіктіріліп жатыр. Аталған жұмыс Екібастұз, Жезқазған, Қарағанды, ШҚО, Маңғыстау және Кентау ЖЭО бойынша жүргізілуде.

Премьер-министр Әлихан Смайылов жылыту маусымына дайындық барысында егер жағдай жақсармаса, кадрлық шешімдер қабылданатын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз