Қазақстандағы ең таза ауыз су қай өңірде екені белгілі болды

0
1,285

«Астана су арнасы» мекемесінің басшысы Табиғат Қабденұлы еліміздегі суы ең таза ТОП үш өңірді атады, деп хабарлады танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы өзінің инстаграм парақшасында. 

Су маманының айтуынша, Қазақстандағы ең таза су Шымкентте. Одан кейін Алматы және Өскемен қаласында. Өйткені, ол жердегі ауызсу таулы және жерасты сулар. Сондықтан таза. Ал, бірқатар аймақтағы ауыз су жердің бетіндегі сулардан, су қоймаларынан алынады. Оларды тазарту үшін арнайы химиялық заттар қолданылады. Сол үшін кішкене сапасын жоғалтады. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз