Астаналықтар Құрбан айт мерекесін тойлауды бастады

0
151

28 маусым мұсылмандардың мерекесі Құрбан айт күні. Елорда халқының бір бөлігі Бас мешітте айт намазын оқыды. 30 мың адам сиятын мешіт іші лық толды. 

Діни басқарма мамандарының мәліметінше, бұл күні Меккеге барған қажылар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын орындайды, қажылық жасауға шамасы келмеген мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, құрбандық шалады. Бұл – мерекенің ең маңызды рәсімі.

Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі. Ол жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының онында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталып, 3 күнге созылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз